Африка Бірлігі Ұйымы
Африка Бірлігі Ұйымы
ХХІ ғасырға аяқ басумен бірге адамзат халықаралық қатынастар дамуының жаңа кезеңіне де аяқ басты. Ол халықаралық экономикалық, саяси және мәдени қарым-қатынастардың кеңеюі мен тереңдеуі, халықтар достығы мен ғаламданудың дамуы арқылы көрінді. Халықаралық қауымдастық ірі интеграциялық байланыстарға, көп мәселені алдын ала болжап білуге ұмтылып, соған сай түрлі ұйымдардың жұмыс механизмдері нығайды. Ұлттық деңгейден жоғары ұйымдар да жаппай күшею үстінде, ал бұл — алға қарай табысты жылжудың алғышарты.
Ғаламдану заманында халықаралық ұйымдардың, соның ішінде бірте-бірте ғаламдық мәселелерді шешуге ұйысатын ұйымдардың тәжірибесі мен қызметін зерттеудің маңызы зор. Даму неғұрлым жылдам қарқынмен жүрген сайын халықаралық қауымдастық та құлағын түріп отыруға мәжбүр, өйткені дамумен бір мезгілде қауіп-қатер де бой көтереді. Халықаралық қатынастарды демократияландырудың негізгі алғышарттарының бірі жәрдемдесу принципі екенін есепке алсақ, түрлі қауіп-қатерлер ең алдымен аймақтық ұйымдарға жетеді. Ал Африкалы Одақ (АО), яғни бұрынғы Африкалық Бірлік Одағы бүгінгі таңда Африка құрлығындағы барлық мемлекеттердің басын біріктіріп отырған бірден-бір аймақтық ұйым.
Жұмыстың хронологиялық шегі біз қарастырып отырған ұйымның, яғни АБО-ның қызмет ету уақыты негізінде анықталады. Ал 1963 жылы африкалық ынтымақтастық және бірлік принципі негізінде құрылған АБО алғаш құрылған күнінен-ақ Африка мемлекеттерінің отаршылдық езгіден, тәуелділіктен тұтастай арылуы үшін күресті. Оның жұмысы да соған негізделді. Ұйым жұмысындағы екінші басым бағыт апартеидтік режимді және нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрін түп орнымен жою болды. Ұйым бұл орайда кереметтей табандылық және батылдық танытып, құрлықтағы барлық мемлекеттердің тізесін біріктіре алды. Сол арқылы жаңа айтылған мәселелерге әлемдік қоғамдастықтың да назарын аудартып, соның арқасында ойға алған мақсаттарын табысты аяқтады. Қарулы күрес тәсілдері мен дипломатиялық акцияларды шебер үйлестіру арқылы 1990 жылдардың бас кезінде құрлықтағы отаршылдықты күл-талқан етті. Қазіргі таңда АО-ның (АБО-ның қазіргі атауы) Африка құрлығындағы халықаралық қатынастарда айтарлықтай өзіндік орны бар.
Африкалық Бірлік Одағының пайда болуына көптеген себептер түрткі болған еді. Ол қандай себептер? Олар: отаршылдық езгіден жалғыз-жарым құтылудың мүмкін еместігі; халықаралық экономикалық қатынастарда өзгелермен терезесі тең болуға қол жеткізу қажеттігі; құрлықтағы елдердің мәдени, тарихи және аумақтық ұқсастықтары. Бұған қоса, Африка мемлекеттерінің басшыларына әлемдегі жалпы жағдай да әсер еткені белгілі, ұйымның құрылуының бір себебі де осы. Африканың азат етілуі тарихи сәт еді, ал ол еуропалық капиталистік шаруашылық аясындағы интеграциялық бағыттардың қызу дамыған сәтіне және социалистік блоктың қайта құрылуына сай келді. Яғни, бұл процестерге Африканың да өзінің жалпықұрлықтық ұйымын құру арқылы араласуы заңдылық.
АБО құрылған сәттен бастап оның қызметі бірқатар мақсаттарды көздеді. Ол ұйымның жарғысында көрсетілген ең басты міндетті шешуге тиіс болды. Ал ондай міндеттердің бірі де бірегейі Африка құрлығындағы отаршылдық атаулыны түп тамырымен жою еді. АБО-ның қызметіне талдау жасағанда ұйымның ең алдымен Африка құрлығын отаршылдық езгіден азат етуге күш салғаны, соған жұмыс істегені анық аңғарылады. Жалпы, отаршылдыққа қарсы күрес идеясының африкалықтарды біріктірудегі маңызы мен рөлі ерекше.
АБО-да отаршылдыққа қарсы күрес негізгі-негізгі деген үш бағытта жүрді: АБО колониялардағы ұлтты азат ету бағытындағы қозғалыстарға моральдық және материалдық көмек көрсетті; өз күшімен және Біріккен Ұлттар Ұйымына арқа сүйей отырып, отаршылдық және нәсілдік кемсіту етек алған елдерге саяси-экономикалық қысым жасады; ондайлардың одақтастарына, яғни АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Францияға және ФРГ-ға қатысты саясаттарын күшейтті. Жекелеген Африка елдерінің бар күш-жігерін АБО-ға жұмсауы құрлықтағы отаршылдық жүйені жою процесінің қарқынды жүруіне жол ашқан халықаралық фактор екенін де жоққа шығаруға болмас. АБО-ның отаршыл және нәсілдік дискриминацияны кемшілік санамайтын елдерге саяси әрі экономикалық қысым жасауы да өз жемісін берді.
Қазіргі таңда Африка құрлығындағы негізгі мемлекеттердің барлығы дерлік АБО-ның Африкалық Одаққа айналу процесіне белсенді түрде араласып жатыр. Лусакода «Жаңа африкандық бастама» қабылданғаннан кейін Нигерия Оңтүстік Африкамен, Алжирмен, Мысырмен және Сенегалмен бірігіп, құрлықты дамыту жоспарын түзуге кіріскен. Ал Африкалық Бірлік Одағының Африкалық Одақ болып өзгеруі жай ғана ат ауыстыру ма, әлде оның өзге астары бар ма, мұны жоспардың орындалу нәтижелері көрсетеді.
Африка бірлігі ұйымы – Африка құрлығындағы үкіметтерді біріктіруші аймақтық ұйым. Африка бірлігі ұйымының Жарғысы 1963 жылы қабылданды. Ол адам құқықтарының жалпы декларациясы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында көрсетілген қағидаларға бағынады. 1981 жылы Африка бірлігі ұйымы «Халықтар мен адам құқының Африкалық хартиясын» адам құқықтары туралы келісім қабылдады. Африка хартиясы 1986 жылы күшіне енді. Осыған сәйкес кейіннен халықтар мен адам құқықтары жөнінде Африка комиссиясы құрылды. Ол Африка жарлығының орындалуын бақылады. Африка бірлігі ұйымы адам құқықтары жөнінде Африкасотын құрды. Бұдан бөлек, 1969 жылы Африка бірлігі ұйымы Африкадағы босқындар мәселесінің жекелеген баптары бойынша, Конвенция таратты. Бұл конвенция «Босқындар статусы жайлы» Біріккен Ұлттар Ұйымы протоколы мен конвенциясына және де 1990 жылы баланың әл-ауқаты мен құқықтары жөнінде қабылданған Африка хартиясына қарағанда анағұрлым босқындар жайында кең анықтама берді.
Африка ұйымдар мен құқықтық актілердің құрылуы: Жаңа Африка одағы (2003ж Май)
2002 жылдың Шілдесінде Африкалық бірлік Ұйымын Африка Одағы басты. Африка Одағы Европалық Одақ үлгісін қабылдады. Көбіне экономикалық интеграция мен әлеуметтік даму, түптеп келгенде, саяси бірлікке негізделді. Африка Одағы халықтар мен адам құқықтарының Африкалық хартиясында көрсетілген адам құқықтары жүйесіне негіздеп жұмыс жүргізді. Бұны Африка бірлігі ұйымы да іске ассырған-ды. Негізгі құжат бұл одаққа кірген елдердің халықтар мен адам құқығының Африкандық хартиясына сәйкес адам құқықтарын қорғау мен қадірлеуді мақсат тұтты.
Африка Одағы да аймақтық, халықаралық, үкіметаралық ұйым. Ол Африканың 52 мемлекетінің басын құрап отыр. Африкалық бірлік ұйымын Африкалық Одақтың басуындағы басты объективті себеп – ол өмір сүрген 1963 пен 2001 жыл аралығында әлемдегі саяси күштер арасында өте үлкен өзгерістердің белең алғандығы еді. Африка елдері экономикасының дамуы жаңа механизмдерді қажет етті.
Африка Одағын құру шешімі Африка бірлігі ұйымының 1999 жылы сиртада (Ливия) өткен Қыркүйектегі төтенше кездесуінде қабылданды. Ол Африка бірлігі ұйымы шеңберіне қарағанда Африка лидерлерінің бірлікке ұмтылғандығын көрсетті. Құрлықтың мемлекет басшылары 2000 жылы Шілдесінде Ломада Африка бірлігі ұйымы саммитінде Африка Одағының Құрылтайшы актін мақұлдады. Солтұстарда Африка Одағының құрылуы ресми хабарланды. Африка бірлігі ұйымының Замбия астанасы Лусакедегі (2001 Шілде) 37-Ассамблеясы жаңа ұйымның құқықтық әрі құрылымдық негізін анықтайтын бірқатар құжаттар қабылдады. Осы кезде актіні 51 Африка мемлекеті бекітті. Ол Африка бірлігі ұйымынан Африкалық Одаққа өту кезінде өміршеңдік танытқан Африка бірлігі ұйымының Жарғысын алмастырды. Африка Одағының алғашқы саммиті 2002 жылы 9-10 шілдесінде Дурбанда (ОАР) өтті. Африка Одағының төрағасы ретінде Оңтүстік Африка Республикасының президенті Табо Мбеки сайланды. Қайта құрылған Жалпыафрикалық ұйымның оперативті экономикалық бағдарламасы ретінде НЕПАД («Новое партнерство для развития Африки» — New Partnership for Africas Development — Африканы дамыту үшін жаңа әріптестік) аталды. Африканы дамыту стратегиясының кең масштабты бағдарламасы. Оның жаңа өмірдегі орны анықталады. 2003 жылы Африка Одағына құрлықтың барлық елдері мүшелікке енді. Оған Марокко королдігі ғана енбеді. Африка Одағының штаб-пәтері Аддис-абебада (Эфиопия) орналасқан. Африка Одағының құрылтайшы актында барлық мүше мемлекеттер бірлік пен ынтымақ, халықтар арасындағы достық үшін бір кісідіей жұмылады деген. Африка Одағының негізгі міндеті — әлемдік қауымдастықпен диалог орнату, егемендікті сақтау, территориалды бүтіндікті, мүше елдердегі, құрлықтағы қауіпсіздік пен бейбітшілікті, тұрақтылықты сақтау, аймақтық қақтығыстарды жұмыла шешу.
Африка Одағының Африка Бірлігі ұйымынан ең басты ерекшелігі – жаңа ұйым негізгі басымдықты экономикалық интеграцияға аударды. Африка Бірлігі ұйымы болса, жас Африка мемлекеттерінің ұлттық тәуелсіздігі мен территориалды бүтіндігін сақтау үшін басты міндет ретінде саяси интеграцияны қойған болатын. Әлемдік тарихта экономикалық мүдделерді тоғыстыратын интеграция үлгілері болған. Африка проблемаларының бірқатарын шешу үшін осы жол ыңғайлы көрінді. Одақ қабылдаған шешім саяси-әкімшілік бірлестікті құрлықтың оңтүстігі мен солтүстігіндегі, соларға арқа сүйей отырып, интеграцияны дамытты.
Африка одағының негізгі принциптерінің бірі – ұйымға мүше мемлекеттердің бір-бірінің шекарасына құрметпен қарауы. Бұл тәуелсіздік алу барысында айқын көрінді. Гамбияда, Заирде, Кот дивуарда, Нигерияда, Руанда, Сьерра Леонемен т.б. елдерде басқа көрші елдерге ықпал етуі осының айқын айғағы.
Африка Одағының құрылтайшы актында мүше мемлекеттердің өзара тәуелсіздігіне көңіл аударған. Сондай-ақ адамзатты, әскери-қылмыс, жаппай қырып-жою, (геноцид) белең алған жағдайда мүше мемлекеттердің бір-бірінің шекарасына кіре алатындығы айтылған. Африка одағы жұмысына конституциядан тыс жолмен мемлекет басына келгендер жіберілмеді. Құрылтайшы актыда Африка одағы Ассамблеясының шешімдерінің орындалуы, саяси-экономикалық санкция салу, (Ассамблеядағы дауыс беру құқынан айыру) қаралды. Жаңа шаралардың орындалуы Африка жетекшілерінің саяси жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
Африка Одағының ең жоғарғы органы – мелекеттер мен үкіметердің бас ассамблеясы, оның жоғарғы атқарушы органы Африка одғының Комиисиясы болды. Африка одағы мен Африка Одағы комиссиясының төрағалары бір жылдық мерзімге сайланды. Құрылтай актінде АБҰ ның дәстүрлі Жалпыафрикалық ұйымның төрағасына қай жерде саммит өткізілсе сол жердің келесі мерзімдегі президенті сайланды. Африка Одағы ассамблеясынан басқа Жалпыафрикалық парламент пен Одақ сотын құру қаралды. Африка одағы құрылымына Африка валюта қоры, Африка орталық банкі, Африка инвестиция банкі, сондай-ақ Ассамблея мамандандырған техникалық комитет, экономика, әлеуметтік саясат, мәдениет мәселелері бойынша Одақ (кәсіби топтар мен түрлі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен тұратын кеңес органы). 2005 жылы аймақтық көпұлтты жасақ дайындалады, ал біртұтас африка әскері 2010 жылы құрылмақ. Жалпыафрикалық парламенттің штаб-пәтері Оңтүстік Африка республикасында немесе Ливияда, ал Африка соты Маврикия, Нигерия не Судан аймағында орналасады деп жоспарлануда. Африка Одағы Комиссиясының сегіз мүшесінің бесеуі (комиссарлар) — әйелдер. Жалпыафрикалық парламент жағдайы өкілдік құрамына әрбір африка елінен (бес депутаттан) екі әйелден енгізуді қалауда.
Ұйымның атауында да («Африка одағы»), сондай-ақ оның жоғарғы атқарушы органы («Африка одағы комиссиясы» ) Европалық Одақ құрылымының иісі сезіліп тұрады. Бұл өз кезегінде Африка мемлекеттері лидерлерінің интеграциялық процесте Европалық Одақ жетістіктерін негізге алғандығы көрініп тұр. ЕО ның Оңтүстік шығыс Азия мен Латын Америкасын біріктіруге мұрындық болып отырғаны шындық.
Африка Одағы Африка Бірлігі одағының ғана орнын басып отырған жоқ. Ол сондай-ақ Африка экономикалық қоғамдастығының да орнын басып отыр. Ол Африканың әлеуметтік-экономикалық даму барысында жаһанданудың кейбір келеңсіз жақтарына тосқауыл болмақ. Африканың экономикалық даму стратегиясы мен мақсаттары мен принциптерін анықтау 1976 жылдан 1989 жылға дейін жалғасты. АЭҚ шеңберінде интеграциялық процестерді дамыту алты кезеңді қосқанда 34 жылға жалғасты. Ұйымның өзі 1991 жылы құрылғанмен, оның атқарған шаралары аса бір практикалық нәтижелерге қол жеткізбеді.
Африка Одағының екінші саммиті 2003 жылы Шілденің 9-12 арасында Мозамбик астанасы Мапутуда өтті. Саммитте Африка Одағы басшысы мен орынбасарларын тағайындаудан өзге Одақтың интеграциялық процестері, НЕПАД бағдарламасы, Бейбітшілік пен қауіпсіздік Кеңесін құру қаралды. Африка Одағының басшысы ретінде (2003-2004) Мозамбик президенті Жоаким Чиссано сайланды. Африка Одағы Комиссиясының төрағасы ретінде Малидің бұрыңғы президенті Альф Омар Конаре тағайындалды.
Африка Одағынан кейін бұрынғы Африка бірлігі идеясын қайта көтеру Оңтүстік Африка Республикасы президенті жариялаған «Африка ренессансы» концепсиясымен қатар жүріп отырды. Қайта жаңғырту шараларымен қатар демократиялық саяси жүйе құру, СПИД ауруымен күрес, Африка мәдениетін қалпына келтіру, шығармашылықты марапаттау, озық ғылым мен технологияға қол жеткізу, тұрақты экономикалық даму жетістіктері де қоса жүрді.
Африка одағы құрыла салысымен-ақ бірқатар келеңсіздіктерге ұшырады. Лусакада өткен саммитте Оңтүстік Африка Республикасы Бас хатшысын сайлауда жетекшілері арасында келіспеушіліктер туындады, 2003 жылы өткен Мапуту Африка Одағы Комиссиясының тұрақты төрағасын сайлауда және АО Ассамблеясындағы орынбасарын сайлауда бірауыздылықтар болмады.
Африка Одағы жетекшілігі үшін тағы бір маңызды проблема қаржы құралдарының жетіспеушілігі болды. 2003 жылдың Қазанында ұйымға мүше 11 елдің мүшелік жарна қарызы 44 миллион АҚШ долларын құрады. Қарызын төлегемеген елдер Одақ мәжілістерінде баяндама жасау құқығынан айрылды. Осындай жағдайлар Африка одағын сырттайғы қаржыландырылуға тәуелді етті. Бұл тәуелділік оның бітімгершілік істерді атқаруына тұсау бола бастады. Мәселен, Зимбабье президенті Роберт Муғабаны соттаудан бүкіл африка лидерлері бас тартқанда Европалық Одақ Африка Одағының бітімгершілік шараларына арналған 250 млн евро қаржыны бөлмей қойды.
Жалпы африкалық парламентінің Эфиопия астанасы Аддис-Абебада 2004 жылдың 31 қаңтарындағы инагурация күні 2004 жылдың 18 мартына ауыстырылды (Африка Одағы мүшелері бірауыздан қабылдаған қызмет пен құрам, өкілдікті анықтайтын протокол әлі күнге өз күшіне енген жоқ, мүше мемлекеттердің жартысына жуығы оны ратификацияламады).
Әлі күнге дейін Бейбітшілік әрі қауіпсіздік Кеңесіннің органын құрудың протоколы өз күшіне кірген жоқ. Ол Африкада тұрақтылық орнатудың барлық өкілеттігіне ие болу керек еді. Африка сотын құру процесі де кешеуілдей берді. Бұл арада бірнеше африка елдері басшыларының өз аяларын Африкамен ғана шектеуге қарсы екендіктерін көрсетсе керек. Африка Одағының құрылу процесі өз кезегінде басқа да халықаралық ұйымдардың назарын аудармай қалмады. Мапуту саммитіне БҰҰ басшысы Кофи Аннан, Еврокомиссияның президенті Романа Проди мен Халықаралық валюта фондының атқарушы директоры Херст Келер де қатысты. 2003 жылы Шілденің 7-12 арасында бұл саммитке сол кездері Африканың бірнеше елдерін аралай келе АҚШ президенті Джорд Буштың саммитке соқпай кеткенін? Африка Одағына бас сұқпай кетуін Африканың кейбір ел басшылары бұл бізді сыйламаушылық деп санады.
Ресей өз кезегінде Африка елдерінің бірлікке, біртұтастыққа ұмтылысына қолдау білдіріп отыр. Ресей Федерациясының президенті өз жолдауында Африка Одағы төрағасы мен Оңтүстік Африка Республикасы президенті Т. Мбекиге, Мозамбик президенті Ж. Чиссаоға Ресей үкіметінің Африка Одағымен әріптестік орнатуға дайын екенін жеткізді.
Африка елдерінің бірлігі ұйымының заңды ізбасары Африка Одағы өз жұмысын енді-енді ғана жандандырып келеді. Африка Одағының нақты жаттығулары, құрылымы мен қызмет ету институттары жалпы жағдайда ғана анықталған. Африка бірлігі аясындағы проблемалар бірен-саран саясаткерлерге, үкімет адамдарына, ғалымдарға ғана аян. Африка Одағының қаржылық пробелмаларын шешу, оның құрылымының қалыпты жұмыс істеуін жандандыру біршама уақытты, біршама күш-жігерді қажет ететін құбылыс.
Африка Одағы құрылғалы бері ол кездескен шырғалаңдарды, объективті қиындықтарды, субъективті мәселелерді ескерген көптеген отандық әрі шетелдік зерттеушілер дегенмен Африка Одағы Африка құрлығына үлкен жаңалық әкелді деген пікірді мақұлдауда. Африка Одағының құрылуы өз кезегінде маңызды жасалған қадам деп бағалауға болады. Ол Африкалық интеграцияны жандандырды. Қазіргі жаһандану ғасырында Африка құрлығының біртұтастыққа қол жеткізуінде өте үлкен рөл ойнап отыр.
Пайдалынған әдебиеттер тізімі:
Малока Э. К Африканскому ренессансу: Африканский союз и Новое партнерство для развития Африки (НЕПАД). Доклад исполнительного директора Института Африки ЮАР на 9-й конференции африканистов (Москва, май 2002). М., 2002
Кораблев Ю.В., Шубин В.Г. Африканский союз. – В кн.: Страны Африки 2002. М.: Изд-во Института Африки РАН, 2002
Цыганков П.А. Теория международных отношений. М.: «Гардарики», 2002
Cheru F. African Renaissance: Roadmaps to the Challenge of Globalization. London, 2002
Африканская интеграция: социально-политическое измерение. М.: Изд-во Института Африки РАН, 2003
Алимов Ю.И. Движение африканского единства на современном этапе. — Народы Азии и Африки, 1964, № 2.
Алимов Ю.И. Организация Африканского Единства. М., 1969.
Поликанов Д.В. Конфликты в Африке и деятельность международных организаций по их урегулированию. М., 1998.
Проблемы интеграции в Африке. М., 1971.
Фокеев Г.Е. Внешняя политика стран Африки. М., 1968.
Этингер Я.Я. Африканская солидарность и происки неоколониализма. М., 1967,
Этингер Я.Я. Межгосударственные организации стран Азии и Африки. М., 1976.
Этингер Я.Я. Политические проблемы африканского единства. М., 1967
Бюттнер, Теа. История Африки с древнейших времен до 1884 г. М., 1981
История Африки в XIX — начале ХХ вв. М., 1984.
История национально-освободительной борьбы народов Африки в новое время. М., 1976
История национально-освободительной борьбы народов Африки в новейшее время. М., 1978
История Тропической и Южной Африки в 1918-1988 гг. М., 1989.
Колониальное общество Тропической Африки: взаимодействие цивилизаций? М., 1993.