Ахметжан Есімов Серікбол Сайлаубектің тойында ән шырқады (видео)
Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімов қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Серікбол Сайлаубектің үйлену тойында құрметті қонақ болып, көпшілік алында ән шырқады. Бұл туралы Altyn-orda.kz KAZ.NUR.KZ КЕ СІЛТЕМЕ ЖАСАЙ ОТЫРЫП ХАБАРЛАЙДЫ .
Серікбол Сайлаубектің тойында түсірілген видеолар Instagram желісінде тарап кетті. Онда Ахметжан Есімовтың отандық эстрада жұлдызы Сәкен Майғазиевпен бірге ән салып жатқанын көруге болады.
Саясаткер мен әнші Ермек Меденовтың сүйемелдеуімен «МузАрттың» «Жүрегім менің» әнін орындады. «Қандай керемет көрініс. Ән өнерінің қазіргі хан тәңірі, елдің ардақты, асыл азаматы, тізгін ұстаған ел ағасы Ахметжан Есімовпен жанды дауыста ән шырқады», — деп жазды видео авторы. Сонымен қатар Ахметжан Есімов ел алдына шығып, сөз сөйледі. Алматының экс-әкімі ерлі-зайыптыға ақ тілегін жолдап, тойды басқарған асабаның өнеріне жоғары бағасын берді.