«Әйел құжаттағы аты-жөнді ойдан құрастырып жазып кеткенін мойындап отыр» Өкінішке орай Бельгиялық қазақ жігітінің анасы табылмады
Бүгін «Бармысың, бауырым?» хабарының тікелей эфирінде Жәнібек Мұратұлы Жұмағұловқа қатысты ДНҚ нәтижесі жарияланды деп хабарлайды Altyn-orda.kz Қазақ Радиосының фейсбук парақшасына сілтеме жасап
Бұған дейін айтқанымыздай, Жәнібек Бельгия азаматы, қазіргі құжаты бойынша аты-жөні – Jani Бірақ өзі көпшілікпен Мұрат Савельев деп танысады.
Хабар редакциясының зерттеулері нәтижесінде, «Жәнібектің анасы болуы мүмкін» деген келіншекті ДНҚ сараптамасын жасауға көндірген.
Сонымен қоса табылған келіншек Арқалықтың адамы емес, Арқалыққа басқа жақтан бір танысының үйіне барғанын және бейресми деректерде айтылып жүрген «Әсел» деген адамның жалған екенін айтқан.
«Әйел құжаттағы аты-жөнді ойдан құрастырып жазып кеткенін мойындап отыр», — деді хабар жүргізушісі Қымбат Досжан.
Өкініштісі тест нәтижесі бойынша ол әйел Жәнібектің анасы болмай шықты.
«Ресми құжаттағы бүкіл мәліметті мойындап, қабылдап отырған адамның сынама нәтижесі бұлай шыққаны түсініксіз жағдай. Екінші күдігіміз: перзентханада немесе Жәнібек 2 жыл бойы тәрбиеленген Балалар үйінде балалар ауысып кеткен. Енді сұрақ – бала ауысып кетсе, біз тауып отырған Жазираның ұлы қайда?!», — деп түйіндеді хабардың жүргізушісі Қымбат Досжан.
Бағдарлама ұжымы табылған келіншек пен Жәнібек басқа клиниканың лабораториясына екінші рет тест тапсыруға келісім беріп отырғанын айтып, іздеу жалғасатынын хабарлады. Назар аударыңыздар, әсіресе Арқалық, Ақкөл, Аққұм, Торғай, Ахмет Байтұрсынов ауылының халқы! Сіздерге үлкен өтініш айтқалы отырмыз.
Егер білетін мәліметтеріңіз болса, редактор Әсел Асқарқызына құпия түрде жазуға болады: +77713219786 деп жазылған парақшада