Әйелін өлтірген. Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Бишімбаев ұсталды
Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Бишімбаев Қуандық ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол Достық көшесі, 16-үйде орналасқан «Бау» мейрамханасында әйелін соққыға жыққан. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Shyndyk.kz басылымына сілтеп.
«Ұсталған кезде Бишімбаев өзін пышақтаймын деп қорқытып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Ол есірткінің әсерінен болған болуы мүмкін», дейді тергеудегі дереккөздер.
Естеріңізге сала кетейік, 19 қазанда Бишімбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған болатын. Экс-министр 2018 жылы наурызда пара алып, 1 миллиард теңге ұрлағаны үшін 10 жылға сотталған.
Сот төрт айдан астам уақытқа созылған. Іске Бишімбаевпен бірге тағы 22 адам қатысты: «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ-ның бұрынғы қызметкерлері, кәсіпкерлер мен құрылыс компанияларының өкілдері.
Ол бір кездері үкіметтегі ең жас басшылардың бірі болды. «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-та білім алған.
2016 жылдың соңында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Бишімбаев «Бәйтерек» холдингін басқарған кездегі қызметіне қатысты министр қызметінен босатылғанын хабарлады.
Қылмыстық іздестіру департаменті өз хабарламасында Бишімбаевтың бас бостандығынан айыру кезіндегі «оң мінездемесін» және «сот анықтаған талапты өтеуді» атап өтті.