Айгүл Иманбаева екінші сәбиін Лондонда дүниеге әкелетінін айтты
Танымал әнші Айгүл Иманбаева “Қыздар-ай” бағдарламасында жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Соңғы кездері әншінің жеке өмірі ел аузында.
“Мен Лондонға тұрмысқа шығуға кетіп бара жатырмын. Сол жақтан балалы болып қайтамыз. Мен сүйетін, мені сүйетін адам жанымда. Түсінгенім, сенде гармония болу үшін, жүрегің тыныш болу үшін өзіңмен өрелес адам керек. Әйтпесе секеңдеп те, қызыл-жасылды қуып та болдық. Тыныштықта өмір сүргім келеді. Бақыттың үні бәсеңкі. Үркітіп алғым келмейді. Ниет бар, қалғаны Алланың қалауы. Не болса де екеу болып келуімізді күтіңіздер. Құжаттарыңызды дайындаңыздар. Той Қазақстанда болмайды”, – деп шет жағасын айтып қалды.
Десе де өнер иесі болашақ күйеуінің кім екенін айтудан үзілілді-кесілді бас тартты.