Айлығы — 1,5 миллион теңге: ақтаулық жеті дүркін әлем чемпионы Англияда қырыққабат теріп жүр
Англияға қара жұмысқа аттанған қазақстандықтар арасында жоғары білімді азаматтар көп. Бұл туралы Jibek Joly News бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ақтаулық Эльдар Ягъяев стрит воркауттан Гиннестің рекордтар кітабына енген. Қазір ол Англияда қырыққабат тереді. Жергілікті жаттығу залында қосымша жұмысы да бар. «Біз елде бұқаралық спортты дамытқымыз келген. Бірақ жолымыздан кедергі шыға берді. Мысалы, мұнда үш айдың ішінде тракторшы болдым.
Ал егер осы елдің азаматы болсаң, мүмкіндіктер көп. Жуырда үшінші рет әлем рекордын орнатып, Гиннес рекордтар кітабына ендім», — дейді стрит воркауттан жеті дүркін әлем чемпионы Эльдар Ягъяев. Ол үш ай ішінде қара жұмысшыдан тракторшыға дейін көтерілген. Айлығы — бір жарым миллион теңге. Айта кетелік, қазіргі таңда қазақстандықтар жұмыс іздеп бұрынғыдай Оңтүстік Кореяға емес, алыс Англияға аттанып жатыр.