«Әкесі іздемейді»: Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуі мен балаларының арақатынасы туралы айтты
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова “1001 түн” бағдарламасына берген сұхбатында бұрынғы күйеуі мен балаларының арақатынасы жайлы жасырмай айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Балалар әкелерімен араласа ма?”, – деген сұраққа өнер иесі: “Жоқ, іздемейді. Әкесі мен балаларын араластырмауға менің ешқандай құқым жоқ. Өзі іздеп келмесе, мен не істеймін? Мен өзімен бұл жайлы ашық талқыладым, айттым, жаздым, бірақ оның тарапынан ешқандай жауап болған жоқ. Бірақ сол әңгімеден кейін ақшалай көмектесіп тұрады. Ол рас. Алайда келемін, көремін, араласамын деген емес. Астанаға келген кезде балаларды әкеліп жүрдім. Қашанғы баланы өзім тасимын? Мен өзімнің тарапымнан әрекет жасадым. Оның өз отбасы бар. Қашанғы баланы тықпалай беремін?” – дейді Мөлдір.
Әншінің айтуынша, ол әкесін балаларына ешқашан жамандаған емес.
“Әкең жақсы адам” деп айтып отырамын. “Қайда?” деп менен сұрайды. Қолымнан келгенше жауап беремін. Ол тақырып өте ауыр. Бірақ бала өскен соң бәрін өзі түсінеді. Балаларға мақтаймын, жұмысбасты болғандықтан, келе алмайтынын айтамын. Балаларым үшін реніш бар. Бірақ оны кешіре алдым деп ойлаймын”, – дейді әнші көзіне жас тығылып.
Бағдарлама жүргізушісінің “Бақытты кім сақтай алмады?” деген сауалына өнер иесі: “Ортаға түскен адамдар болды. Оның бәрін айтқым келмейді. Өткен өмірімді айта берсем, қайта ашылады. Әр адам қателеседі. Мен кешіре алдым. Менің көңілім тыныш және ең бастысы, осы. Болашақта жүрегімді басқаға сеніп тапсыра аламын деп ойлаймын. “Бір рет сәтсіз болды” деп барлық адамды салыстырмалы түрде бірдей көруге болмайды. Ол адам сондай болды, оңай қия салды. Қазақтың басқа да тепсе темір үзетін жігіттері бар. Бәрі ондай емес. Мен үмітімді үздім деп айта алмаймын. Бұйрық Алладан.