Әкімдер өз қаласын жаяу жүріп, аралауы керек. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте қалалар мен әкімдерді сынады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Біз қалаларымыз бен астанамызды көркейтуге барынша мән беруіміз керек. Мойындау керек, біздің қалаларымыз жақсы көрінбейді. Ойын алаңдары жабдықталмаған. Біз шетелде жүргенде көреміз, үйлер тозған, бюджеті әлдеқайда аз. Бірақ соған қарамастан қалалар өте жақсы, таза көрінеді. Бұл — муниципалды биліктің жұмысы. Ал қала тұрғындарының өз көзқарасы бар. Бізге не жетпейді?», — деді Президент.

Сондай-ақ әкімдер қаладағы проблеманы көзімен көруі үшін жаяу жүруі керек екенін айтты.