Ақмола облысында бұрынғы басшы жол құрылысына бөлінген 1,2 млрд теңгені қалтасына басқан
Ақмола облысының Целиноград ауданында жол құрылысына бөлінген 1 млрд теңгеден астам қаражат ұрланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ақмола облысының арнайы прокурорларымен мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен Ақмола облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары лауазымында бұрын істеген тұлға ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен ол күзетпен ұстауға алынды.
«Оған жол салуға бөлінген бюджеттік қаражатты аса ірі көлемде жымқыру фактісіне қатысы бар деп күдік қойылып отыр. Атап айтқанда, нақты жұмыстарды орындамай, ол бюджеттен 1 млрд 244 млн теңге төленген», — делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен (аса ірі көлемде жысқыру) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Осындай қылмыс жасаған үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.