Ақмола облысында мұғалім “КазАтомПромның” жалған ивестициясына 20 миллион теңге салып, сан соғып қалды

Ақмола облысында 60 жастағы мұғалім “КазАтомПромның” атын жамылғандардың жалған жарнамасына сеніп, үш айда алаяқтарға 20,4 миллион теңге аударып отырған. Бұл туралы Altyn-orda.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды
“Үш ай ішінде әйел 50 банктік операция жасаған. Биыл 24 қарашада әйел алаяқтықтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінді. Өтініш бойынша қылмыстық іс қозғалды, қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді Ақмола облысының полиция департаменті.
Киберполицейлердің айтуынша, жалған инвестициялармен байланысты алаяқтықтар Қазақстанда кең таралған алаяқтықтардың бірі. Алаяқтар әлеуметтік желілерде жарнаманы пайдаланады, ірі компаниялардың сайттарын бұрмалайды және тез табыс табуға болатынын айтып, сендіреді. Мұндай алдаудың құрбаны болмас үшін құқық қорғау органдары әрдайым ақпарат көзін тексеріп, бейтаныс адамдардың айтуымен ақша аударып, жеке деректерді бермеу керегін ескертті.










