Ақмола облысында жеке әуе ұшағы құлады — тергеу басталды

Ақмола облысында бүгін 17тамыз Aerostar R40F UP-LA229 жеңіл моторлы жеке ұшағы апатқа ұшырады
ҚР Көлік министрлігінің оқиғаларды тергеу департаментінде себептерін анықтау үшін арнайы комиссияның құрылғанын хабарлады.
UP-LA229 жеке аса жеңіл ұшағының апаты фактісі бойынша Астана станциясындағы полицияның желілік басқармасы ҚР ҚК 344-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын Көлік министрлігінің оқиғаларды тергеу департаменті растады .
Екі адам – ұшқыш пен жолаушы қаза тапты. Апаттың себептері анықталуда.
