АҚШ-та ұшақ құлады: төрт адам қаза тапты

АҚШ-тың Иллинойс штатында бір моторлы ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform.kz.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға сенбі күні штаттың орталық бөлігінде болған.
“Ұшақ ашық далаға құлап түсті, бортта болған төрт адамның бәрі оқиға орнында қаза тапты”, — деп мәлімдеді Колс округінің тергеушісі Эд Шниерс.
АҚШ-тың Көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңесінің (NTSB) алдын ала деректері бойынша, әуе кемесі құлап бара жатып электр желілеріне соқтығысқан. Қазіргі уақытта апаттың себептері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
