«Ақша талап етіп, белгісіз ұнтақ жегізген»: Атыраудағы мектебіндегі оқиғаға қатысты тың мәліметтер белгілі болды

«Ақша талап етіп, белгісіз ұнтақ жегізген»: Атыраудағы мектебіндегі оқиғаға қатысты тың мәліметтер белгілі болды

Атыраудағы мектептердің біріндегі төртінші сынып оқушылары әлімжеттік салдарынан сабаққа барудан бас тартып отыр.

Балалар ата-аналарына жоғары сынып оқушылары қысым көрсетіп, ақша жинап, құрғақ ұнтақ жеуге мәжбүрлегенін айтып берген.

Алайда ата-аналар бұл туралы оқушылар уланған соң ғана білді, деп жазады Mgorod.kz.
Әлеуметтік желіде төртінші сынып оқушысының анасы Әйгерім Ботағариева соңғы кездері ұлы түрлі сылтаумен ақша сұрап, әкесінің әмиянынан рұқсатсыз белгілі бір көлемде қаражат алғанын байқаған.

Екі күн бұрын ол басы айналып, есінен танып қала жаздағанын айтып берген.

«Полиция қызметкерлері келіп түскен ақпаратты тексерді. Төртінші сынып оқушыларынан заңды өкілдердің қатысуымен жауап алынды. Наркологиялық сараптама жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша ұнтақтың психотроптық затқа жатпайтыны және адам ағзасына зияны жоқ екені, ол құрғақ тез дайындалатын сусын екені анықталды», — деп түсіндірді Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

Оқушылардың ата-аналары мектепке хабарласқанымен, білім мекемесінің жанындағы бейнекамераларда тиісті жазба болмаған.

Sputnik.kz