«Ал егер оның болжамының бәрі тура келсе ше?»: Айгүл Болатханқызы Жанат Бақытқа қолдау көрсетті
Белгілі журналист Айгүл Болатханқызы көптің сынына қалған тележүргізуші Жанат Бақытқа қолдау көрсетіп, жазба жариялады. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы жазады.
«Ерінбегеннің бәрі Жанат Бақытты талқылап кеткен. Кекету, келекелеу… Оған танымал болу керек емес, өз атын қалыптастырып алған. Ұлттық киім сататын дүкенінен зат алғанда арнайы шығарылған пакетіне дейін ұқыптап салып беретін қыздары қандай! Апамның кітаптарын солай арнайы пакет жасатып салып берсем маған ешкім қой демейді ғой… Ол әріптес, ол сүйікті жар, аяулы ана, бір әулеттің келіні. Қазақтың ҚЫЗЫ! Енді осы қызбен, ең болмаса, біреуің жеке тілдесіп көрдіңдер ме, мұндай пост жазуға не түрткі боп жатқанын сұрап көрдіңдер ме, зерттеп көрдіңдер ме? Қайсың барсың? Осыны білмей жатып неге оның етін жеп сүйегін мүжіп жатыр бұ қазақ? Ал егер оның болжамының бәрі тура келсе ше? Тура иттей ғып соттаған анабір ақсақалдың айтқанындағыдай. Өкінішке қарай ол кісі бақилық боп кетті… Әй, бір сорлымыз ғой. Қазақ біріне-бірі келгенде “бауыры көктемір”, қатыгез. Неге екен? Жанатты көрмегелі қай заман, тапсырыспен жазылған деп көтпен бал ашу жоқ екенін ескертем»,- деп жазды Айгүл Болатханқызы өзінің фейсбук парақшасында.