Әлемдегі ең биік Бурдж-Халифа ғимараты Қазақстан туының түсіне енді (видео)

 

Әлемдегі ең биік ғимарат — Бурдж-Халифа Республика күнінде Қазақстан туының түсіне боялды. Бұл туралы видео ғимараттың ресми Instagram парақшасында пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Бүгін Бурдж-Халифа Қазақстандағы Республика күніне орай өз шамдарын жарқыратты. Бұл елдің халқына бейбітшілік пен гүлдену тілейміз», — делінген ролик сипаттамасында.

Аталған жазбаға пікір қалдырған қазақстандықтар ғимарат әкімшілігіне алғысын жаудырды. Айта кетелік, Бурдж-Халифаның Қазақстан туының түсіне енуі алғаш рет болып отырған жоқ. 2020 жылы Тәуелсіздік күнінде әлемдегі ең биік ғимарат ел байрағының түсімен боялған болатын.

kaz.nur.kz

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Burj Khalifa by Emaar (@burjkhalifa)