«Алланың жауынгерімін» деп таныстырған азамат Теміртау мектептеріне теріс ағым өкілдері қарумен келетінін хабарлады
Теміртаудағы 27-мектептің электронды поштасына ғимарат миналанған деген хабарлама келді деп жазады kznews.kz
Қаскүнем өзін «православиелік қазақ», «Алланың жауынгері» деп таныстырып, Теміртаудың «мылтығы бар шахидтер бүгін барлық мектептер мен балабақшаларға келеді» деп жазды.
Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ. «Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта күдікті адамды анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс — шаралары жүргізілуде», — деп хабарлады өңірдің полиция департаменті.