Алматы полициясы электросамокаттармен патрульдеуді бастады

Алматыда полиция жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшелерді электросамокаттармен патрульдеуді қолға алды, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.

Кикшерингтік компания 50 самокат пен дулығаны тегін пайдалануға берген. Жыл басынан бері 11 922 құқық бұзушылық тіркелсе, соңғы тәулікте 1 076 жағдай анықталды. Рейд барысында 69 самокат айыптұрағына эвакуацияланды.

Полиция кәмелетке толмағандар арасында тәртіпті күшейтіп, түсіндіру жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.