Алматыда балабақшада тәрбиеші баланы ұрып-соғып, тұншықтырған (видео)

Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы тұншықтырып, ұрып-соққан. Аталған жағдай мекеменің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл туралы Altyn-orda.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Желіде жекеменшік балабақша тәрбиешісінің баланы ұрып-соққаны түсірілген видео тарады. Кадрлардан тәрбиешінің баланы орындыққа күштеп отырғызып, тұншықтырғанын байқауға болады. Бала сол сәтте бөлмеде отырған екі тәрбиешіден көмек сұрайды. Алайда олар мән бермей отыра береді.
Бала ата-анасына жағдайды өзі жеткізген. Сосын ата-ана бейнебақылау камерасын ашып қараған. Нәтижесінде полицияға арыз жазған.
«Бостандық аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысындағыбалабақшада тәрбиеші бір жасар қызды жұлқылап, қолын шығарып жібергені туралы жазған едік.
