Алматыда кинотеатрдағы қолданылған шприцтер жұртты шошытты

21 шілдеде Instagram желісінде Kris P Almaty парақшасында Алматыдағы кинотеатрлардың біріне келген көрермен пайдаланылған шприцтердің дәлізде және орындықтардың астында шашылып жатқанын көрсетілгені туралы видео жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қараңыз, кинотеатрдағы бірінші қатар. Мұнда не болғаны түсініксіз. Мұнда шприц жатыр… Сұмдық, – дейді видео авторы.

 

Жазбада видео Розыбакиев көшесіндегі «Mega Alma-Ata» сауда орталығындағы кинотеатрда түсірілгені нақтыланған.

Кинотеатр әкімшілігі оқиғаға қатысты түсініктеме әлі бермеді.