Алматыда жүргізуші көршісін қасақана қағып кетті: полиция үнсіз

Алматыда көршілер арасындағы жанжал ауыр жағдайға ұласты. Жетісу ауданындағы көпқабатты тұрғын үй ауласында ер адам өз көршісін қасақана қағып кетті деген ақпарат тарады деп хабарлайды Altyn-orda.kz
Куәгерлердің айтуынша, оқиға 2025 жылдың 10 қазанында кешкі уақытта болған. Көлік тізгініндегі ер адам көршісімен сөзге келіп қалып, артынша ашу үстінде оны көлікпен қаққан.
«Бәріміз көз алдымызда көрдік. Бұл кездейсоқ болған жоқ. Ол әдейі бұрылып келіп, көршісін қақты. Кейін ешқандай көмек те көрсетпеді», – дейді куәгерлердің бірі.
Тұрғындардың айтуынша, оқиғадан кейін үш күн өтсе де, полиция куәгерлер мен зардап шегушінің туыстарын жауапқа шақырмаған. «Бізді ешкім іздеген жоқ, тергеу де басталмады. Көршіміздің жағдайы ауыр, ал құқық қорғаушылар үнсіз», – дейді аула тұрғындары ашынып.
Белгілі болғандай, зардап шеккен азамат – отбасының жалғыз асыраушысы. Оның үйінде зейнеткер анасы мен әжесі бар. Қазір ол ауруханада ауыр халде жатқаны хабарланды.
Оқиға бойынша полиция әзірге ресми түсініктеме берген жоқ. Тұрғындар кінәлі адамның әділ жаза алуын талап етуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Видео almaty_kalasy_инстаграм парақшасынан алынды
