Алматыдағы балалар үйінен із-түзсіз екі қыз жоғалып кетті

Алматыда №1 балалар үйінен қашып кеткен екі жасөспірім қызды іздестіріп жатыр, олар шілденің 18-інен бері байланысқа шықпаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасаған Altyn-orda.kz

Алматының Бостандық ауданында орналасқан No1 балалар үйінің екі кәмелетке толмағаны жоғалып кетті. LIDER.KZ іздеу қозғалысының еріктілерінің айтуынша, 2009 жылы туған Кристина Белгородская мен 2010 жылы туған Маргарита Черепанова 18 шілде күні таңертең мекемеден шығып кеткен, содан бері олардың қайда екені белгісіз.

Балалар үйі Сырғабекова көшесі, 22 мекенжайы бойынша орналасқан.

Кристина Белгородская:

– бойы: 155–157 см

– дене бітімі: орташа

– шашы: ашық қоңыр, ұзын

– көздері: қоңыр

– киім: қара футболка, қара шалбар

Маргарита Черепанова:

– бойы: 165 см

– дене бітімі: орташа

– шашы: қара, ұзын

– көздері: қоңыр

– киім: қара футболка, ашық көк джинсы

Іздеушілер қыздардың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін кез келген адам дереу полицияға немесе хабарламада көрсетілген телефондар бойынша волонтерлерге хабарласуды сұрайды.