Алматыдағы “Пинта” мейрамханасы қазақ тіліндегі әндерді орындауға тыйым салған
Әлеуметтік желіде «Пинта» мейрамханалар желісіндегі музыкаға байланысты жанжал туындады. Көпшілікке мекеменің музыкалық ұжымдары үшін сөйлеу регламенті бар хабарламаның скриншоты жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Тармақтардың бірінде қазақ тіліндегі әндерді, тіпті қонақтар талап етсе де, орындауға тыйым салынатыны көрсетілген.
Мейрамхананың ресми парақшасының жауабына сүйенсек, қазақша әндердің ойнатылуы мекеменің тұжырымдасына сай келмейді екен.
Айта кетейік, Пинта желісінің негізін қалаушы және иесі ресейлік кәсіпкер Юрий Негодюк. Ол сондай-ақ BAO, Tomato, Paul Café, Bankabar, Spiritbar, NYHell’sKitchen және т.б. мейрамханаларға иелік етеді.