Алматылықтар тағы да жерасты дүмпулерін сезінді

Алматы тұрғындары сейсенбіде, 23 қаңтарда тағы да жерасты дүмпулерін сезінді. Жер сілкінісінің эпицентрі әлі күнге дейін Қытай мен Қырғызстан шекарасында, деп хабарлайды ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінен хабарлағандай, жаңа жер сілкінісі сағат 09:52-де тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 254 км жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Алматыда 2 балл болды.
