Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды

Астана қаласының әкімі қызметінен босатылған Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған altyn-orda.kz
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», — деп жазды Ақорда.
Еске салайық, Көлгінов Астананың әкімі лауазымынан кеше, 8 желтоқсанда босатылған еді.
Ол Астананы 2019-2022 жылдар аралығында басқарды. Оның орнына Жеңіс Қасымбек келді.
Көлгінов 2016-2019 жылдар аралығында БҚО әкімі қызметін атқарған. 2013-2016 жылдары — Орал қаласының әкімі болған.
