Алты еркекпен секеңдеп билеген Қабатовтың әйелі тағы да сынның астында қалды (ВИДЕО)

Секеңдеп билеген шоумен Тұрсынбек Қабатовтың әйелі тағы да елдің сынына қалды. Бұл жолы Мөлдір Мұқанова алты еркекпен қатар тұрып билейді, деп хабарлайды Экспресс К. 
Шоуменнің әйелі билеген сәтінің видеосын ТікТок парақшасында жариялады. «ТікТок-ты ұлттық билерімізбен толтырайық» деп жазды Мөлдір Мұқанова. Бейнежазбада шоуменнің әйелі ұлттық киім киген бір топ еркекпен «Қара жорға» биін билейді.
Желі қолданушыларының бірі Мөлдір Мұқанованың бұл әрекетін құптаса, енді бірі сынның астына алды.
«Керемет», «Әдемі би», «Осы Тұрсынбектің әйелінің жүрмейтін жері жоқ», «Мөлдірге өте-өте ерсі соңғы кезде. Жараспайды», «Мына әйел еркектермен билемей-ақ қою керек еді. Біртүрлі жараспай тұр», «Жарайсыңдар. Алға, Қазақстан», «Сүйкімсіз көрінеді екен», «Еркек екен деп ойлап қалдым ғой. Күшті жарасып тұр», «Осы неге секеңдей береді?», «Мына әйел серілердің сәнін бұзды» деп жазды желі қолданушылары.