«Алтын алса, үйленемін»: танымал тележүргізуші отандық боксшыларға үндеу жасады

Отандық тележүргізуші, журналист Руслан Есмағамбетов Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында бокстан бақ сынап жатқан жігіттерге үндеуге жасады. Ол былғары қолғап шеберлерінің бірі алтын алған жағдайда шаңырақ көтеретінін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Руслан Есмағамбетов өз сөзінде қазақстандық боксшыларға үміт артып отырғанын алға тартты. «Парижде бокстан төрт жігіттің біреуі алтын алса, биылдан қалмай үйленемін, сөз беремін. Төртеуі түгел алтын алса, ертең-ақ беташар жасаймын. Үмітті ақтаңыздар, жігіттер!», — деді ол. Айта кетейік, осыған дейін Әбиба Әбужақынова Олимпиадада жүлде алмаған соң тұрмысқа шығу туралы ойынан айнып қалғанын айтқан еді. Ал Бақыт Сәрсекбаев Парижде шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшыларды аяусыз сынап тастады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Руслан Есмагамбетов (@ruslan_utepbai)