AMANAT партиясы облыстық штабы мүшелерінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясындағы қалалық №4 емханада бас қосты
«Сайлауалды бағдарлама осы секілді кездесулер барысында айтылған ұсыныс, сауалдарға негізделген. Құжат 10 бағытта. Оның әрқайсысы әр адамның көкейіндегі мәселелерді шешуге бағытталған. Жан-жақты қамтылған бағдарлама ішінде медицина саласына да айрықша маңыз берілген». AMANAT партиясы облыстық штабы мүшелерінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясындағы қалалық №4 емханада өткен басқосу барысында кандидат Арман Баженов осылай деп атап өтті.
AMANAT партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында қоғам сұранысына сай айқындалған 10 міндет қатарында медициналық қызмет тарауы да бар. Денсаулық сақтау саласын түбегейлі жақсартуды көздеген партия озық медициналық көмек көрсету үшін нысан немесе маман қажетті барлық ресурстармен қамтылуы, ауыл медицинасы алға басуы қажеттігін негізге алады.
Сайлауалды штаб мүшесі, кандидат Амангеді Абдолов партиялық бағдарламаның негізгі бағыттары, сайлау жүйесіндегі жаңашылдықтар, бүкілхалықтық референдум нәтижесі, саяси реформалардың жүзеге асуы тақырыптарын қозғады.
Бұған қоса, басқосуда жер тақырыбы, ауыл шаруашылығы саласына қажетті жер телімдерінің жеткіліксізідігі, әлеуметтік тақырыптар та талқыланды. Айтылған ұсыныс, жолданған сауалдар партияның алдағы уақыттағы жұмысы барысында назарда болмақ.
Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы
AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді