Америкалық блогер қазақша ән айтып ,TikTok қолданушыларын тәнті етті ! (ВИДЕО)

Америкалық бойжеткеннің қазақ тілінде ән шырқаған видеосы TikTok-та вирусқа айналды. Altyn-orda.kz хабарлағандай, небәрі бірнеше сағат ішінде ролик 1,4 миллионнан астам қаралым жинап, қолданушылар арасында қызу талқылауға себеп болды.

Блогер видеоны: «Мен қазақ емес шығармын, бірақ…» — деген сөзбен бастап, Жолдасбек Абдихановтың танымал «Аш-Аш» әнін орындаған.

Қазақстандық көрермендер оның шынайы ықыласын, қазақ тіліне деген құрметін және мәдениетке деген ілтипатын жоғары бағалады.

Пікірлерде мынадай жылы лебіздер жазылды:

 «Мына қызға азаматтық берейік!»

 «Бүгін көрген ең керемет видеом осы»

 «Біздің қыз! Жарайсың!»

 «Қазақстан туралы әлемге айтып жүргенің үшін рақмет!»

Бейнежазба TikTok-та ғана емес, басқа платформаларда да кеңінен таралып, соңғы күндердің ең көп талқыланған контентіне айналды.

Бұл қыздың орындауындағы «Аш-Аш» видеосын көрмей кетпеңіз — нағыз эмоция мен шынайылыққа толы орындау!

 

 

@sebarole #fyp #kazakhstan #russian #🇰🇿 #🇷🇺 #viralvideos ♬ Originalton – Spicy ASAP