«Анасы алкогольге әуестенген»: Атырау облысында екі бала үйіне кіре алмай, далада қалды

Атырау облыстық полиция департаменті кәмелетке толмағандардың отбасынан алынғанын растады, деп хабарлайды Altyn-orda.kz   Skifnews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

14 жастағы жасөспірім мен оның қарындасына қатысты жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Әлеуметтік желілерде баланың үйіне кіре алмай, көшеде тұрған сәті бейнеленген кадрлар тарады. Куәгерлердің айтуынша, оны тамақ пен темекі әкелуге мәжбүрлеген, ал бас тартқан жағдайда үйге кіргізбеген.

Отбасында сондай-ақ үш жасар қыз тәрбиеленіп жатыр. Көршілердің айтуынша, балалардың анасы алкогольге әуестенген, ал оның ағасы еш жерде жұмыс істемейді.

Үйде жиі ішімдік ішкен бөтен адамдар жүреді, ал балалар қараусыз қалады.

Атырау облыстық полиция департаменті кәмелетке толмағандардың отбасыдан алынғанын растады.

«14 жастағы жасөспірім Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды, ал оның үш жасар қарындасы Сәбилер үйіне тапсырылды. Ата-аналар жауапсыздық танытып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген», – деп хабарлады ведомство.

Полиция сондай-ақ бір жыл бұрын осы ата-аналар ата-аналық міндетін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын еске салды.

Іс материалдары кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданып, онда анасының ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралады.

Altyn-orda.kz