Анна Башинская депутаттық мандатын тапсырды
Amanat депутаты болған Анна Башинская өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында жуырдағы жанжалдан кейін парламенттік өкілеттігін тоқтатқанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Анна Башинская өз іс-әрекеті жайлы ойлана келе, шешім қабылдағанын жазды.
«Құрметті достар! Мен өз іс-әрекетіммен еліміздің бейбітшілік сүйгіш саясатына көлеңке түсіргім келмейді. Осы күндері көп ойландым және менің әрекетімді айыптаған әрбір адамның сезімін терең түсіндім. Бүгінгі күрделі оқиғаларға байланысты менің пікірім орынсыз болғанын атап өткім келеді. Сондықтан қоғам алдында күрделі жағдай туғызып отыр. Осыған байланысты мен партияның ресми ұстанымымен толықтай келісемін. Жеке жауапкершілігімді сезіне отырып, депутаттықтан кетуге шешім қабылдаймын», — деп жазды ол. Айта кетсек, In business хабарлауынша, 29 сәуірде мәслихат депутаты Анна Башинская Facebook әлеуметтік желісінде Deutsche Welle басылымындағы жазбаға пікір білдірді.
Владимир Зеленский финдік Yle басылымына берген сұхбатында аннексияланған Қырымды Украинаның бақылауына қайтаруды көздейтінін айтты. «Одан да Түркияға, Зеленский мырза! Онда жыл бойы жылы», — деп жазған еді Башинская.