Әнші Шаһизада келіні мен төртінші немересін перзентханадан шығарып алды (видео)

Әнші Шаһизада бірнеше күн бұрын төртінші немересі өмірге келгенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұраған болатын. Өнер иесі келіні мен немересін перзентханадан шығарып алғанын Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Көптен күткен төртінші немерем Әмірді перзентханадан шығарып алдық. Өміріміздің мәні де, сәні де осы кішкентай балапандарымыз. Әмірім болашақта еліне елеулі, халқына қалаулы азамат болып өсе берсін. Барлығыңызға осындай бақыт тілеймін», — деп жазды әнші. Видеодан Шаһизада мен ұлының және немерелерінің перзентханаға гүл шоғымен және шармен барғанын байқауға болады. Айта кетейік, Шаһизада бірнеше күн бұрын төртінші немересі дүниеге келгенін айтқан болатын.

kaz.nur.kz

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ⚜️ ᔕᕼᗩᕼIZᗩᗪᗩ ⚜️ (@shahizada.art)