«Әр босанған сайын күйзеліске түсетін «Осыдан алты ай бұрын жоғалған Талдықорғандық келіншек табылмай жатыр

Бұл туралы «Көреміз «ток шоуы бағдарламасы көрсетті деп хабарлайды altyn-orda.kz 

Талдықорғандық Шолпан Шайзанова 24 мамыр күні үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған. 1 айлық шақалағы мен шиіттей 2 баласын тастап, келіншек ізім-ғайым жоғалды. Бес айдан бері төтенше жағдайлар қызметі мен еріктілер ұйымы іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Алайда келіншектен еш хат- хабар жоқ, Шолпанның қайда кеткені әлі күнге дейін бәріне жұмбақ.

Студияға келген күйеуі оның босанғаннан кейін күйзеліске түскенін айтты .Жақындарының айтуынша келіншек  томаға тұйық болып жүрген .

Енесі ,ешқандай жанжалдың болмағанын сол күні дүкенге кетіп артынша нанын әкеліп үстелге қойып кеткенін алға тартты .

Тілшілерге сұхбат берген көршілері де жақсы үлгілі отбасы болғандарын айтып ,ақтарынан жарылды .Студияға келген әпкесі оның сол жоғалардан бұрын бір қызға қоңырау шалғанын айтып қалды .Бірақ құқық қорғау органдары ол қыздан сұрақ алғанда ол қыз Шолпанды танымайтын болып шықты .

Ол қыздың әлеуметтік желісін қарап Шолпан бір сектаға кіріп кеткен деген ойға келгендерін айтты