«Араласпай жүргенімізге 5 ай болды»: Заңғар Нұртас Жібекпен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеді

Атышулы Айдарбековтер әулетінің кенжесі Заңғар Нұртас “Taboo” бағдарламасында Жібекпен ара қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Жібекпен оқуда жүріп туған күнінде таныстық. Жібек мені өзінің қамқорлығымен баурап алды. Танысып, сөйлесіп жүргенде маған үнемі “жылы жүр” деп шұлық, шарф, қолғап әкеліп беретін. Дәрі-дәрмек, дәрумендерімді қалдырмайтын. 9 жыл жүрсек те біз бір-біріміздің ата-аналарымызбен тойдың алдында ғана таныстық. Жібектің айтуынша, ата-анасы өте қатал. Таныстыруға қорықты. Адамдар Жібектің келбетіне қарап, жүзі суық деп жатты. Бірақ мен оны келін қылып әкелдім. Ол мен үшін анамнан кейінгі ең жақын адам болды”, – дейді Заңғар өткенді еске алып.

Алайда, Жібекпен айырылысуына не себеп болғанын және ол үшін жасаған батыл қадамдары туралы айтудан бас тартты.

“Араласпай жүргенімізге 5 ай болды. Оған деген сыйластығым ғана қалды. Жібек жақсы келін болды. Бірақ жағдай осындай болды. Оның нақты себебін ашып айта алмаймын. Қазір жаңа қарым-қатынастарға ашықпын. Жібекпен ресми түрде ажырастық”, – деп жеке өміріне қатысты сұрақтардың нүктесін қойды.

Айта кетейік, Заңғар Жібекпен 2022 жылдың наурыз айын шаңырақ көтерген болатын. Бұған дейін, Гүлзира Айдарбекова да кенже ұлы мен келінінің ажырасып кеткенін айтқан.