Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинді іздеп жатыр, – деп хабарлайды    Altyn-orda.kz Massaget.kz тілшісіне сiлтеме жасап .

Бұл ақпарат Құқықтық статистика органдарының сайтында пайда болды.

 
 
 

Бұл іс биыл 3 наурызда Астанада тіркелген. Іздеуге бастама жасаған – прокуратура.

Арғын Нығматулин туралы не белгілі?

Ашық дереккөз мәліметінше, Арғын Нығматулин – Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің және экс-депутат Ерлан Нығматулиннің ағасы.

Ол 1955 жылы 28 маусымда дүниеге келген. 2007 жылғы сәуірден 2018 жылға дейін “Сарыарқа” хоккей клубы” ЖШС директоры қызметін атқарды. Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болды.

Фото: gov.kz