Арман Шораев «бірге тұратын әйелін соққыға жықты» деген ақпаратқа пікір білдірді
Қоғам белсендісі Арман Шораев «бірге тұратын әйелін соққыға жықты» деген ақпаратқа пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін журналист Михаил Козачков телеграм арнасында Арман Шораев бірге тұратын әйелін соққыға жықты деген ақпарат таратқан болатын. Оның сөзінше, оқиға Астана қаласында болған.
Журналист жүктеген видеода ер адам әйел адамды шашынан сүйреп, соққыға жығып, жерге қарай итеріп жібергенін көруге болады. Козачковтың сөзінше, оқиға орнына келген полицейлер видеодағы ер адам — Арман Шораев екенін айтқан.
Бұл дерекке қатысты Арман Шораевтың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жауап берді. Оның сөзінше, Козачков жалған ақпарат таратқан.
«Жасанды интеллекттің құрбаны болдым! Козачков өтірігің үшін жауап бересің!», — дейді Арман Шораев.