Армениядағы наразылық. Тұрғындар Ресей әскери базасын жабуды талап етті

Арменияның Гюмри қаласында Ресей әскери базасына қарсы митинг өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Report-қа сілтеме жасап.
Наразылық акциясын «Республика үшін» партиясы мен оның жақтастары ұйымдастырған. Гюмридегі 102-ші Ресей әскери базасының маңында жиналғандар «Әскери база, Армениядан кет!», «Сатқын Путин» деген ұрандатқан.
Еске салайық, шілде айында Украина қорғаныс министрлігінің бас барлау басқармасы Ресей Гюмридегі базаға жеке құрамды тартуды күшейтіп, Оңтүстік Кавказ аймағындағы ықпалын арттыруға ұмтылып отырғанын мәлімдеген еді. Армения билігі бұл мәлімдемелерді теріске шығарды.
