«Әруақпен ойнап, басын ойып алған»: Зейнеп Ахметова «Ел арнадағы» бағдарламаны сотқа беруге болатынын айтты

Зейнеп Ахметова сөз басында телеарнада көрген үзінді жүрегіне қатты батқанын жеткізді

Отандық «Ел арна» телеарнасындағы «Қыздар мен жігіттер» бағдарламасында Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан аты аңызға айналған даңқты батыр, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлын ойынға айналдырды. Шоу-бизнес өкілдерінің ерсі әрекетін Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова қатты сынға алып, наразылығын білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 

Зейнеп Ахметова сөз басында телеарнада көрген үзінді жүрегіне қатты батқанын жеткізді.

«Тәуелсіздік, еркіндік, сөз бостандығы деп кейбіреулер аузына келгенін айтып, ойына келгенін сөйлеп, бейбастыққа барып жүр. Адамның жаны түршігетін, жан-дүниеңді құлазытатын хабарды жанашыр кісілердің бірі жіберіп отыр. Қазақстанға белгілі Атамыздың тікесінен тік тұрған суретінің басын ойып, бір әйел адам сол жерге басын сұғып тұр. Оған айналасындағылар тырқылдап күліп, мәз болып отыр. Бұл не деген бассыздық, не деген тексіздік?! Әруақпен ойнап, Атаның әруағын таптап, басын жұлып алуға кім оларға мұндай құқық беріп отыр?

Арасында бір депутат бар. Ол не үшін ыржыңдап тұр? Халықтың көзі, құлағы, тілі болады деп сенген халық қалаулысының сиқы сол болса, жетіскен екенбіз. «Әй, тәйт» деуге оның шамасы келген жоқ. Анау ыржақайлармен бірге ыржалаңдап тұрды. Ет сасыса, тұз салады, тұз сасыса, не салады демекші, депутаттың сиқы осы болса, одан не үміт, не қайыр?» — деп Зейнеп Ахметова ашуын білдірді.

Айта кетейік, бағдарламада командалардың бірінде Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев қатысты.

Аты аңызға айналған батырдың келіні бұл істі жай қалдырмайтынын, сотқа дейін баратынын айтты.

«Ал енді осы хабарды жасап отырған жап-жас кісілер титтей де болсын, ойланған жоқ па? Құдайдан қалай қорыққан жоқ? Әруақтан қалай сескенген жоқ? Олар үлкенді сыйлауды, әсіресе әруақты сыйлауды үйренген жоқ па? Басынан бастап уызына жарымаған бейшаралар өзінің тарихына өзі түкіріп отыр. Ұлы адамдарды аяққа таптап отыр. Ал бұл жақсылыққа апармайды.

Ол құрдасы ма немесе жолдасы ма еді? Басқа адам табылмай қалды ма? Ол сурет бүкіл Қазақстанға белгілі. Алматыға жолы түскен кісілер әдейілеп үйге келіп, суретке тәу етіп, суретке түсіп, ескерткіш ретінде алып кетеді. Бұл – балаларын алып келіп, ертеңгі күні атасының қасында түскенін, сол шаңырақта болғанын көрсету үшін әтуірлейтін сурет.

Егер түптеп барар болсақ, сотқа беруге болады. Ол кісі қазақтың ар-намысын ту етіп ұстаған, ұлттық рухтың символы болады. Соны түсінбеген мына жастар ертеңгі күні елге бірнәрсе береді дегенге сенбеймін. Мен оларды тіпті ата-анадан тәрбие көрмеген, тексіз деп ойлаймын. Өзгесі өзге, бақилық болған әруақтарды, оның үстіне бүкіл халық қадірлейтін ұлы тұлғаларын мазақтау ешкімді ешқашан жақсылыққа апармайды. Бір күн болмаса бір күні омақасып, қабырғалары қаусап түсуі мүмкін. Өсіп келе жатқан бала-шағалары бар. Неге Құдайдан қорықпайды?! Мен бұл істі жай қалдыра алмаймын. Өйткені ұлттың ұлы адамын қорлап отыр. Енді келіп, болашағы алда жап-жас қыз-келіншектер сол Атаның басын ойып, жұлып алып, оған әйелдің басын тығып «мынау кім?» деп соған ыржалақтап күліп отыр? Әруақ ешқашан кешірмейді», — деді ол.

Ол сөзін жалғай отырып, осы істен кейін атасы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне арнайы келіп, тағзым етіп, кешірім сұрағанын айрықша атап өтті.

«Панфилов паркіндегі атаның тас ескерткішіне келіп, басымды иіп, сәлем салып, атадан кешірім сұрадым. Өйткені атаның алдында кешірілмес күнәға батқан адамдар бар. Жанашыр кісілер атаның суретін қалай қорлап отырғандарын көрсетті. Шыдай алмай, көзімнен жас парлап, жаным түршікті. Себебі, Ата – алты алаштың қадірлісі, иісі қазаққа ортақ ұлы тұлға, ұлттың рухани ар-намысы болған, соның символы ретінде елге белгілі ерекше адам», — деп Зейнеп Ахметова өнер саласының адамдарына, бағдарлама басшылығына ренішін білдірді.

Тегтербауыржан момышулы за нами москва тестбауыржан момышулы заслугибауыржан момышулы эссе по русскому языкубауыржан момышұлы автобиографиябауыржан момышұлы академиябауыржан момышұлы ақпаратбауыржан момышұлы анасыбауыржан момышұлы астанабауыржан момышұлы атасыбауыржан момышұлы ауа райыбауыржан момышұлы ауылыбауыржан момышұлы бала тәрбиесібауыржан момышұлы балалық шағыбауыржан момышұлы батасыбауыржан момышұлы батыр тұлға эссебауыржан момышұлы батырлығыбауыржан момышұлы батырлық қасиетібауыржан момышұлы батырлық тұлғалық қасиетібауыржан момышұлы бауырларыбауыржан момышұлы биографиябауыржан момышұлы білім туралыбауыржан момышұлы дана да дара тұлғабауыржан момышұлы даналық сөздерібауыржан момышұлы дара тұлғабауыржан момышұлы деген кімбауыржан момышұлы деректербауыржан момышұлы детибауыржан момышұлы жазған кітаптарбауыржан момышұлы жазушыбауыржан момышұлы жастар туралыбауыржан момышұлы жаттаубауыржан момышұлы женабауыржан момышұлы за нами москвабауыржан момышұлы за нами москва краткое содержаниебауыржан момышұлы за нами москва эссебауыржан момышұлы званиебауыржан момышұлы зейнеп ахметовабауыржан момышұлы зерттеубауыржан момышұлы израильбауыржан момышұлы индексбауыржан момышұлы информациябауыржан момышұлы историябауыржан момышұлы лақап атыбауыржан момышұлы легендарный геройбауыржан момышұлы легендарный герой эссебауыржан момышұлы литературные произведениябауыржан момышұлы личная жизньбауыржан момышұлы мағжан жұмабаевбауыржан момышұлы мәліметбауыржан момышұлы мәлімет орысшабауыржан момышұлы мектебі алматыбауыржан момышұлы мінездемебауыржан момышұлы на английскомбауыржан момышұлы на казахскомбауыржан момышұлы на русскомбауыржан момышұлы нақыл сөздері эссебауыржан момышұлы немересібауыржан момышұлы нешінші балабауыржан момышұлы нешінші жылы туылдыбауыржан момышұлы ойтолғаубауыржан момышұлы олендерибауыржан момышұлы ордендерібауыржан момышұлы орысшабауыржан момышұлы отан туралы сөздерібауыржан момышұлы отбасы туралыбауыржан момышұлы отбасында нешінші балабауыржан момышұлы отбасындағы нешінші балабауыржан момышұлы писательбауыржан момышұлы письмобауыржан момышұлы погодабауыржан момышұлы подвигбауыржан момышұлы портретбауыржан момышұлы портретібауыржан момышұлы презентациябауыржан момышұлы презентация орысшабауыржан момышұлы произведениябауыржан момышұлы психология войныбауыржан момышұлы реферат орысшабауыржан момышұлы реферат русский языкбауыржан момышұлы рисунокбауыржан момышұлы русскийбауыржан момышұлы русский биографиябауыржан момышұлы руы кімбауыржан момышұлы сериалбауыржан момышұлы синквейнбауыржан момышұлы слайдбауыржан момышұлы соғысбауыржан момышұлы соғыстағы ерлігібауыржан момышұлы соғыстан кейінгі өмірібауыржан момышұлы сөздерібауыржан момышұлы суретбауыржан момышұлы суретібауыржан момышұлы суреттерібауыржан момышұлы тактикабауыржан момышұлы тәрбие сағатыбауыржан момышұлы тәрбие туралыбауыржан момышұлы тіл туралыбауыржан момышұлы туралы қызықты деректербауыржан момышұлы туралы мәліметбауыржан момышұлы туралы пікірлербауыржан момышұлы туралы сұрақтарбауыржан момышұлы туралы эссебауыржан момышұлы тұлғалық қасиетібауыржан момышұлы уикипедиябауыржан момышұлы улицабауыржан момышұлы улица астанабауыржан момышұлы ушкан уябауыржан момышұлы фидель кастробауыржан момышұлы фильмбауыржан момышұлы фильм 1 сериябауыржан момышұлы фотобауыржан момышұлы фото скачатьбауыржан момышұлы фотоколлажбауыржан момышұлы фотосыбауыржан момышұлы халық есіндебауыржан момышұлы халық жауыбауыржан момышұлы халық қаһарманыбауыржан момышұлы халық қаһарманы эссебауыржан момышұлы характеристикабауыржан момышұлы хатбауыржан момышұлы хат жазубауыржан момышұлы хронологическая таблицабауыржан момышұлы эссебауыржан момышұлы эссе 3 сыныпбауыржан момышұлы эссе жазубауыржан момышұлы эссе казакшабауыржан момышұлы эссе на казахскомбауыржан момышұлы эссе на русскомбауыржан момышұлы этоЗейнеп Ахметовазейнеп ахметова бауыржан момышұлы туралызейнеп ахметова биографиязейнеп ахметова википедиязейнеп ахметова кітабызейнеп ахметова кітаптарызейнеп ахметова күретамыр кітабы скачатьзейнеп ахметова өмірбаянызейнеп ахметова туған жылызейнеп ахметова шуақты күндер