Арыстанбек Мұхамедиұлының ұлы сот залында төбелес шығарды
Бүгін Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын 8 жылға сотталды. Әкесіне қатысты шешімді естігенде ұлы Дінмұхамед Мұхамеди төбелес шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Баласы алдымен сот кезінде «Позор» деп айғалады. Сосын сот залынан алып шыға келе жатқанда әкесіне қарай жүгірді. Бірақ құқық қорғау органдары итеріп, арашалап алды.
Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылғ,а бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.
Оған «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлады және лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген айып тағылды.