Астанада шетел азаматы лаңкестерді қаржыландырып, «қарулы жиһадқа» қатысуға шақырған

Астанада Сарыарқа аудандық соты терроризмді насихаттағаны үшін Тәжікстан азаматына қатысты үкім шығарды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақпаратқа сәйкес М. есімді азамат халықаралық лаңкестік ұйымдардың идеологиясын насихаттап, астаналық діндарларды «қарулы жиһадқа» қатысуға үндеген. Сондай-ақ ол лаңкестерге қаражат жіберген.

Сот үкімімен Тәжікстан азаматы Қылмыстық кодекстің 256 және 258-баптары «Терроризмді насихаттау», «Терроризм қызметін қаржыландыру» бойынша кінәлі деп танылып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.