Астанада тәрбиешілер балаларды қараусыз қалдырып, ес-түссіз күйге түскенше ішімдік ішкен

Астана полицейлері балабақшалардың бірінде педагогтерді мастық салдарынан ес-түссіз күйде тапқан. Балалар ересектердің қарауынсыз қалған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана Полиция департаментінің тілшіге берген мәліметі бойынша, балабақшадағы оқиға туралы ақпарат 4 шілде күні түскен.
«102» арнасына балабақшадағы тәрбиешілер ес-түссіз жатқаны, балалар қараусыз қалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Келгеннен кейін полиция қызметкерлері деректі растады: педагогтер масаң күйде болған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Балалар ата-аналарына тапсырылды», — деп хабарлады ПД.
Дерек бойынша Байқоңыр аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі «Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады, оның қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетіні айтылды.
