Астанада терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтеді
Маусымның 20 — 21 аралығында елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабымен Астана қаласы аумағында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізу көзделген.
Шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы қызмет органдары күш-құралдарының терроризм қауіптеріне қарсы жедел әрекет ету дайындығын тексеру болып табылады.
Оқу-жаттығу аясында белгілі деңгейде тыйымдар, соның ішінде қаланың кейбір аудандарында жаяу жүру және көлік қозғалыстарына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін.
Осыған орай, азаматтарды өтіп жатқан шараға түсінікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпараттардың таралуына жол бермеуге шақырамыз.
Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб