Астанада ұлттық анимация апталығы өтеді

Қазанның 20-24 аралығында Қазақстан астанасында отандық мультипликацияның дамуына арналған Ұлттық анимациялық фильмдер апталығы өтеді.
Барлық көрсетілімдер сағат 16:00-де «Қазақстан» орталық концерт залында (Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1) басталады, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.
Жоба Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының жанындағы «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің ұйымдастырумен өтпек .
Іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауыменіске асып отыр.
Бағдарламаға цифрландырылған классикалық туындылармен қатар қазіргі режиссерлердің жаңа жұмыстары да енгізілген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль қазақстандық анимацияның даму эволюциясын бағалауға және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға мүмкіндік береді.
Ұлттық мультфильмдер апталығы елорда мәдени өмірінің маңызды оқиғасына айналмақ. Бұл шара отандық анимацияның — жай ғана балаларға арналған ойын-сауық емес, еліміздің мәдени мұрасының ажырамас бөлігі екенін еске салады.
