Аты аңызға айналған футболшы Қазақстан азаматтығынан бас тартты

Қазақстан футболына он жылдан астам уақытын арнаған «Астана» футбол клубының бұрынғы капитаны әрі қақпашысы Ненад Эрич Қазақстан азаматтығынан бас тартып, Сербия төлқұжатын қайта алғаны белгілі болды.
Бұл туралы журналист Ермұхамед Мәулен «Бірінші гол» YouTube арнасының шығарылымында айтты, деп хабарлайды altyn-orda.kz.
«“Астана” Эричке бірінші нөмірді мәңгілікке бекітіп берген еді. Бірақ жақында оның Белградқа көшіп, Қазақстан азаматтығынан бас тартқанын естідім», — деді Мәулен.
Эрич Қазақстан Премьер-лигасында 11 маусым ойнады. Ол өз жолын 2010 жылы алматылық «Қайрат» құрамында бастап, 32 матч өткізген. 2011 жылдан бастап «Астана» командасының негізгі қақпашысына айналды және бұл клуб сапында 318 матч өткізді. 2014 жылы Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрамада 8 ойынға қатысты.
«Астанамен» келісімшарты аяқталған соң клуб оның Қазақстан футболына қосқан үлесін ескеріп, бірінші нөмірді мәңгілікке бекіту туралы шешім қабылдады.
«Бірінші нөмір ойын нөмірлерінің қатарынан алынып тасталады және ол мәңгілікке біздің капитанымыз Ненад Эричке тиесілі болады.
Ол клубтың символына айналып, алты чемпиондық титул, екі Қазақстан кубогы, төрт Суперкубок жеңіп алды және команданың еурокубокқа шығуында маңызды рөл атқарды», — делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.
Клуб Эричпен қоштасып жатқанымен, бұл мәңгілік емес екенін атап өтті:
«Ол әрқашан ‘Астана Аренада’ қадірлі қонақ болмақ. Біз ‘қош бол’ емес, ‘көріскенше’ дейміз және алдағы өмірінде сәттілік тілейміз

Қазақстанда астық түсімі 6,5 млн тоннадан асты
05.09.2025, 12:25Қазақстанда кредит алу ережелері өзгерді
05.09.2025, 10:51Қазақстанда бетті толық жабатын киімге шектеу қойылды
05.09.2025, 10:22
Соңғы жаңалықтар
-
Қазақстанда астық түсімі 6,5 млн тоннадан асты
05.09.2025, 12:25 -
Қазақстанда кредит алу ережелері өзгерді
05.09.2025, 10:51 -
Қазақстанда бетті толық жабатын киімге шектеу қойылды
05.09.2025, 10:22 -
26 ел Украинаға әскер жіберуге дайын — Макрон
05.09.2025, 10:19 -
Теңге тұрақтылығын жоғалтып жатыр: доллар 540-тан асты
04.09.2025, 20:30 -
СҚО-да мемлекеттің есебіне алынбаған орман алқаптары анықталды
03.09.2025, 11:00
Үздік жаңалықтар
-
Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – ҚР СІМ ресми өкілі
22.01.2024, 13:17
Біз туралы
Altyn-orda.kz сайты 2009 жылдың қазан айынан бастап жұмыс жасауда. Біз 13 жыл бойы еліміздегі және әлемдегі маңызды ақпараттарды таратудамыз.
Материалды көшіріп басу кезінде Altyn-orda.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.
Бізбен байланыс
Телефон: +7 707 590 77 27
Email: smaleev59@mail.ru