Атырау облысында бір оқушы ғана қалған мектеп жабылды
Атырау облысында Кенбай ауылындағы мектепті бір оқушы қалғандықтан жабуға тура келген деп хабарлайды altyn-orda.kz .
Осыдан 37 жыл бұрын салынған мектеп облыс орталығынан 128 шақырым жердегі ең шалғай Сағыз ауданында орналасқан.
Бұрын мұнда алты мұғалім жұмыс істеп, бір оқушы ғана оқыса, ауылдағы қалған балалар мектеп жасына әлі жетпеген .
«Былтыр екі оқушы болған . Ал биыл бір оқушы қалғандықтан, мектеп облыстық білім басқармасының шешімімен жабылды. Ол оқушы Кенбайдан 60 шақырым жердегі Жамансор ауылындағы бастауыш мектепте оқуын жалғастыратын болды .
Жамансорда жұмыссыз қалған мұғалімдерге жұмыс ұсындық, бірақ кейбірі қалаға баруды жөн көрді. Мектепті жабу туралы құжат аяқталған соң ғимаратты Сағыз ауданының балансына өткіземіз», – дейді Қызылқоға аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфайруз Әнжанова.
Басқарма басшысының айтуынша, биыл он бес орта және үш бастауыш мектепке 6354 оқушы барған. Аудандағы апатты жағдайда тұрған тағы бір мектеп Тасқұдық ауылында орналасқан. 20 балаға арналған мектепте небәрі 9 оқушы бар. Ауыл тұрғындарының өтініші бойынша 80 орындық мектеп құрылысына сметалық құжаттары жасақталып, заман талабына сай сараптама жүргізілуде.