Атырау облысында «Сайлаубек пен Сайлаугүл» дүниеге келді

Атырау облысындағы Индер ауданында 20 қарашада қос сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Dender басылымына сілтеме жасап. 

Бақытгүл Сапанова мен Әдемі Жаманқұлованың бұл төртінші балалары. Аналар дәрігерлерге алғыстарын айтып, қазақстандықтарға өз тілектерін жеткізді. Сонымен қатар олар еліміздің болашағы үшін дауыс бергендерін мәлімдеді. 

Әзірге сәбилерге есім таңдамаған. 

Бақытгүл Сапанова мен Әдемі Жаманқұлованы аудандық аналар кеңесінің төрағасы Светлана Жәрдемқызы мен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Анаргүл Дюсубалиева арнайы құттықтап барып, естелік сый ұсынды.

Тегтерсайлау