Атырауда бір отбасының жұмбақ жағдайда жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Атырау облысы Қызылқоға ауданының Жангелдин ауылынан шыққан ерлі-зайыпты және олардың 33 және 35 жастағы балалары бір айдан астам уақыттан бері іздестіріліп жатыр деп хабарлайды   Altyn-orda.kz 

Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Құттыбай Садықовтың мәліметінше, жоғалған азаматтарды анықтау мақсатында медициналық ұйымдар, оның ішінде жекеменшік клиникалар тексерілуде.

Сонымен қатар олардың ұялы телефондарын пайдалану деректері зерделеніп жатыр. Телефондардың Қазақстан аумағында қосылып-өшкені анықталған, соңғы тіркелген  дерек бойынша  Шымкент қаласында болған.

Іздестіру шараларын жүргізу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу жұмыстарына Ішкі істер министрлігінің мамандары тартылған.

Полиция өкілінің айтуынша, екі немесе одан да көп адамның хабар-ошарсыз кетуі жағдайында іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабы — «Адам өлтіру»  бабы   бойынша тіркеледі.

Құқық қорғау органдары азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады. Расталмаған мәліметтер тергеу процесіне кері әсерін тигізуі мүмкін.