Атырауда ер адам мектеп оқушысын зорламақ болған: Күдіктіні ұстау сәтінің видеосы пайда болды

Атырада көлікте жалғыз отырған жерінен 13 жастағы қызды алып қашып, зорламақ болды деген күдікке ілінген ер адамды ұстау кезіндегі видео жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін ер адамның мектеп оқушысын зорламақ болғаны белгілі болған.

«Кәмелетке толмаған баланы зорлауға оқталу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі бойынша тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды», — деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Еске салайық, Атырау облысының полиция департаменті «Авангард» шағын ауданында ер адам көлікті заңсыз басқарып, көпқабатты үйлердің ауласына жасырынып, оқушы қызды зорламақ болғанын хабарлаған болатын.

Әлеуметтік желіде Авангард ықшамауданында орын алған қызды көлікте зорлағаны туралы фото мен хабарлама да тарады.

Еске салсақ, Атырауда ер адам ұрланған көлікте 13 жастағы қызды зорламақ болған.