Атырауда такси жүргізушісі терроризмді насихаттап келген
Атырау қаласының 59 жастағы такси жүргізушісі клиенттерді діттеген жерге жеткізу барысында терроризмді насихаттаумен айналысқан, деп жазады inbusiness.kz ҚР Терроризмге қарсы орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыстық іс шеңберінде анықталғандай, азамат «Т» террористік сипаттағы материалдарды таратумен, деструктивті діни көзқарастарды таңумен айналысқан.
«Насихаттаушының мұндай қызметі дер кезінде тоқтатылды. Оған қатысты № 2 қалалық соттың айыптау үкімі заңды күшіне енді», — делінген хабарламада.
Азамат «Т» кінәлі деп танылып, ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы (Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылды.