Ауа райы: 8 өңірде үсік жүреді

Синоптиктер 2 мамыр, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Атмосфералық фронтаттардың әсерінен республиканың батысында, оңтүстік-батысында жаңбыр жауады.
Маңғыстау облысында күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр болады.
Еліміздің шығысында және оңтүстік-шығыс аудандардың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.
Алматы облысында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Қазақстан бойынша жел күшейеді, республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында – найзағай, оңтүстік-шығысында таулы аймақтарында – бұршақ, солтүстігінде және шығысында – тұман, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде — шаңды дауыл соғады.
Түнде Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында, Алматы облысының таулы аудандарында 1-6 градус үсік сақталады.
Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Жетісу облысының таулы аудандарында 2 градусқа дейін үсік жүреді.
