Аудармашы «Қазақшадан өзге тіл білмейтін мамбеткасың» деген әртісті орнына қойды

Рухани даму, тұлғалық өсу бағытында танымдық жазбалар жариялап жүрген аудармашы, диджитал-туырдыгер Жанерке Жұматай өз басынан өткен оқиғаны сөз етіп, қазақ тілінің қадір-қасиетіне күл шашпақ болғандарды орнына қойды.  Бұл жайлы «Адырна» ұлттық порталы хабарлады.
 
Бекзат болмысты қазақтың қызы өзге тілде сөйлеп, өзін «биік» көрсетпек болған әртістің тоғышар қылығын сынға алды. Оқиғаға қатысты:
— Жолға шықтым. Аэропорттың күту залында елге танымал бір әртісті көрдім отбасымен. Әп- әдемі жанұя. Менімен бірге автобусқа отырды, ұшаққа дейін. Құдайым- ай! Барғанша отбасымен әңгімелері де, баланы жұбатқаны да орысша.. Айналайын, жоғарыдағы шенділер, шекпендер, әртіс, ақын, диктор, зиялы қауым. Өз ана тілімізді сәнге айналдырып, бренд етпесек жағдай қиын… Отыз жыл бойы алдымен экономика деп, тұрмысты көтеріп, шыңына шыққан шығармыз. Енді ел болып идеологияны қолға алмасақ болмайын деп тұр… — деп жазды автор.
Жанерке Жұматай сол сәтте әртістен өз ана тілінде сөйлеуді сыпайы түрде талап еткен. Дегенмен, әртіс бірден дүрсе қоя берген. Бұл жайлы автор:
— Айтпақшы, неге қазақша сөйлемейсіздер деген сұраққа: — Өзіңіз қазақшадан басқа өзге тіл білмейтін мамбетка шығарсыз,- деген жауап алдық. Менің аудармамен айналысып жүргенімді қайдан білсін! — деді тіл жанашыры.
Әртістің әрекетін жақтап жатқан оқырмандар жоқтың-қасы. Қораш оқиғаға қатысты қалың көпшіліктің пікірі төмендегідей:
«Руханы кедей сорлы болып ұрпағын бейшара қылып жатқан зомбилар. Надандар!»
«Құлдар»
«Астанада бір шенеунік әйелінің “мен Қазақстаннан шыққан шоколадтар «Рахат»
фабрикасынан екенін енді біліппін. Дәмі жақсы екен” дегені есіме түсіп отыр. Тіл түгіл конфетімізі менсінбегендер көп қой (сөзін орыс тілінде айтып еді).
ТегтерАудармашы